ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Биылғы 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.
Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-отырысына қатысады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.