ШЫҰ саммиті. Астана айтулы шараға дайын
Бір күннен соң Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталады.
Елорда қонақтарды күтуге әзір отыр. Елге Еуразия континентінің түкпір-түкпірінен делегациялар келеді. Алқалы жиынның тақырыбы – «Көпжақты диалогты нығайту – орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу». Мұнда сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы өзекті мәселелер талқыланады. Бұл – ұйым басшылары кеңесінің 24-отырысы.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір оған Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Ресей, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғыз республикасы сынды 9 мемлекет мүше. Ал Ауғанстан, Беларусь Республикасы және Моңғолия бақылаушы-мемлекет мәртебесіне ие.
Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы:
- Алдағы Астанада өтетін саммитте бірнеше маңызды құжатқа қол қойылады деген сарапшылар тарапынан болжамдар бар. Мысалы, Астана декларациясының қабылдануы. Ол жерде мәдени, гуманитарлық қауіпсіздік, экономикалық мәселелерді, ШЫҰ одан әрі дамыту бағыттары белгіленген маңызды пункттер талқылануы мүмкін. Сонымен қатар, ШЫҰ құрамы толығады деген де болжамдар бар.