Тоқаев: Қазақ-қытай ынтымақтастығы маңызды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Синьхуа агенттігіне берген сұхбатында Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың маңызды рөлін атап өтті.
Мемлекет басшысы екі ел арасында дипломатиялық байланыс орнағалы бері білім, ғылым және туризм салаларында ұдайы даму бар екенін айтты. Қазақстан мен Қытай арасында мәдени орталықтардың ашылуы халықтар достығына тың серпін береді, дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Биыл наурыз айында Бейжіңде "Қазақстанның Қытайдағы туризм жылының" ашылу рәсімі өткен болатын. Арнайы ұйымдастырылған жәрмеңкеде келушілерге Қазақстанның барлық өңірінің туристік әлеуеті таныстырылғанын айта кеткен жөн.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Қазақстан туризмі жылы аясында Қытайдың барлық өңірінде 35-тен астам түрлі іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. Келушілер еліміздің әсем жерлерімен, бай мәдениетімізбен және салт-дәстүрімізбен таныса алады. Біз Қытаймен бірге осы алған бағытымызды жалғастыра береміз.