Қ.Тоқаев «Адамзат тағдырының ортақ қауымдастығы» идеясын қолдайды
Қасым-Жомарт Тоқаев қытайлық әріптесі Си Цзиньпиннің «Адамзат тағдырының ортақ қауымдастығын» құру туралы бастамасын жоғары бағалайтынын айтты, деп хабарлайды 24kz.
Бұл идея қазіргі халықаралық жағдайда әлемде теңқұқылық орнатуға арналған. «Қытай тарапының жаһандық даму, қауіпсіздік және өркениет бойынша басқа да бастамалары жалпыға бірдей тұрақтылық қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деді Мемлекет басшысы.
Цитата: Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Күрделі өзгеріс кезеңіне тап болған әлемде тұрақсыздық пен қарама-қайшылық көбейіп келеді. Өкінішке қарай, халықаралық қауіпсіздік өзгеріске ұшырап, елдер арасында бір-біріне деген сенім деңгейі азайды. Бұл жағдайда адамзатқа жаһандық тұрақтылық пен экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін үйлесімді және тиімді шаралар қабылдау қажет.