ШЫҰ. Еліміз төрт рет төрағалық етті

Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына биыл төртінші мәрте төрағалық етті.

Былтыр Самарқандта өткен саммитте Үндістаннан кейін жетекшілік тізгінін ала сала Президент Тоқаев алты негізгі бағытты айқындап берген еді.

Олардың негізгілері – Шанхай ұйымы кеңістігінде қауіпсіздік пен тұрақтылық; сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту; энергетикалық ынтымақтастық; цифрлық сала мен экологиялық проблемалардың да елеусіз қалмауына күш салды.

Сондай-ақ «Әділ бейбітшілік пен келісім үшін әлемдік бірлік туралы» кешенді құжатты қабылдау жөнінде бастама көтерді. Үш зұлымдық күш: терроризм, экстремизм және сепаратизммен күрес те Қазақстан төрағалығының назарында болды. 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын жаңарту, 2024-2029 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиясын қабылдау ертеңгі саммитте Астана декларациясының аясында ұсынылмақ. 

Қазбек Майгельдинов, "Қытайды зерттеушілер қауымдастығы" ҚҚ төрағасы, саясаттанушы:

- 2023 жылдың қорытындысына қарайтын болсақ, ШЫҰ аясында аймақтық антитеррорлық арнайы бөлімше бар. Міне осы бөлімше басшысының хабарлауынша, 181 лаңкестік әрекеттің алдын алған. Одан бөлек, 200-ге жуық террористерді ұстау бойынша шаралар жүргізілген деп отыр. Мұның барлығы бізге көзге көрінбейді деп, шын мәнінде қауіпсіздікті, тұрақсыздықты қамтамасыз етуде осындай әрекеттердің барлығы бұл күнделікті жүргізіліп жатқан жұмыстар.