Астана ШЫҰ саммитін төртінші рет қабылдайды

Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылдың 15 шілдесінде құрылса, сол уақыттан бері Астана халықаралық ұйымның саммитін төртінш рет өткізгелі отыр.

Алғашқы саммит елордада 2005 жылдың 5 шілдесінде өтті. Онда қатысушы мемлекеттер Астана декларациясын қабылдап, терроризм және экстремизммен күрес бағытындағы маңызды құжаттар қабылдады. Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммиті Астанада екінші рет 2011 жылдың 14-15 маусым күндері өтті. Ұйым құрылғанының 10 жылдығына арналған мерейтойлық жиында мүше елдердің көшбасшылары алдағы 10 жылға арналған бірлескен жұмыстың бағдарын айқындады. Одан кейін, елордада 2017 жылдың 8-9 маусымында өткен басқосуда мүше елдердің басшылары ұйымды кеңейтудің тарихи маңыздылығын атап өтті. Сол жиында Үндістан мен Пәкістан ұйымға мүшелікке қабылданды. Айта кетейік, 2022 жылдан бері Иран да ұйымның тең құқылы мүшесі. Бүгінде халықаралық ұйым құрамындағы мемлекеттердің жалпы аумағы 35 млн шаршы шақырымнан көп. Бұл елдердегі халық саны 3 жарым млрд адамнан асады.

ШЫҰ Астанадағы саммиті

2005 жыл, 5 шілде

2011 жыл, 14-15 маусым

2017 жыл, 8-9 маусым

2024 жыл, 3-4 шілде

ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ

Жалпы аудан - 35 млн км²

Халық саны – 3,5 млрд