ШЫҰ елдерінің көшбасшылары 24-рет кездеседі
Бұл Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының 24-кездесуі.
3-4 шілде күндері елордадағы алқалы жиынға 16 елдің президенттері мен үкімет басшылары, сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады. Саммит тақырыбы «Көпжақты диалогты нығайту – орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу». Еліміз былтырғы маусым айынан бері 1 жыл көлемінде ұйымға төрағалық етті. Бұған дейін де еліміз Еурзия контитенті үшін ең беделді халықралық құрылымға бірнеше мәрте төраға болып, саммит өткізді. Айта кетейік, Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылдың 15 маусымында Қытай, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан көшбасшыларының бастамасымен жұмысын бастады. Бүгінде оған Үндістан, Иран, Пәкістан да мүше болып отыр.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы
Мүше-мемлекеттердің 24-отырысы
16 мемлекет пен халықаралық ұйымдар
Құрамы: Қытай, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістан, Иран, Пәкістан
Байқаушы елдер: Ауғанстан, Беларусь, Моңғолия
Диалог бойынша серіктестер: 14 мемлекет