Қазақстанның туризм министрі қытайлық әріптесімен кездесті

Бұл туралы Ермек Маржықпаев ҚХР Мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен кездесуде мәлімдеді.

Тараптар туризм саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесу соңында еліміздің Туризм және спорт министрі желтоқсанда Алматыда «Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының» жабылу рәсімін өткізу жоспарланып отырғанын еске салды.

Ермек Маржықпаев, ҚР Туризм және спорт министрі:

- Кейінгі жылдары туризм саласындағы ынтымақтастықты жандандыру, туристік ағымды ұлғайту мақсатында бірқатар шара қабылданды. Мәселен, қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы аптасына 44 рейске дейін жетті.