Астанаға Путин келді

Ресей Федерациясының Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келді.

Владимир Путинді әуежайда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын 2001 жылы алты мемлекет – Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды.

5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд долларды құрады. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі $19,1 млрд болды. Осы кезеңде Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы $7,4 млрд құрады.