Қатар Әмірі елордаға келді

Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысу үшін Қатар Әмірі де елімізге келді, деп хабарлайды 24kz.

Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді елордадағы әуежайда Үкімет басшысы Олжас Бектенов қарсы алды. Қатар мемлекеті Шанхай ынтымақтастық ұйымы диалогы бойынша әріптес мәртебесіне ие. Тиісті меморандумға 2022 жылы Ташкентте қол қойылды. Былтыр Қазақстан мен Қатар дипломатиялық қатынастарының орнағанына 30 жыл толды. Қатар – Қазақстанның Араб әлеміндегі маңызды саяси әрі экономикалық серіктесі.

Айта кетейік, былтыр елдеріміз арасындағы тауар айналымы шамамен 50%-ке өсті. Екі мемлекеттің үкіметтері өзара сауда көлемін $500 млн-ға дейін ұлғайту бағытында жұмыс істеуде.