Қ.Тоқаев БҰҰ Бас хатшысымен келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Бас хатшысымен де келіссөз жүргізді, деп хабарлайды 24kz.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Астанада өтетін ШЫҰ-ның саммитіне шақыруын қабыл алғаны үшін Антониу Гутерришке алғысын білдірді. Президент бас хатшының бұл сапары Қазақстан мен БҰҰ арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Антониу Гутерриш өз кезегінде Астананың Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығын жоғары бағалады. Сондай-ақ Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформаларды қолдайтынын жеткізді. Бұл басқосуда Орталық Азия мемлекеттері арасындағы кооперацияны нығайту мәселелері де сөз болды. БҰҰ Бас хатшысы өңірдегі экономикалық интеграция үдерісіне жоғары баға беріп, оның жаһандық мәселелерді шешудегі әлеуеті зор екеніне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сіздің Астанаға сапарыңыз және ШЫҰ саммитіне қатысуыңыз Қазақстан мен БҰҰ арасындағы тығыз қарым-қатынастың жарқын белгісі саналады. Бұл біздің БҰҰ қызметіне атсалысып жатқанымызды көрсетеді. Қазіргі күрделі жағдайда Қазақстан және мен де Мемлекет басшысы ретінде БҰҰ-ның жұмысын жан-жақты қолдаймыз.