Мохаммад Мохбер ШЫҰ саммитіне қатысуға келді

Иран Ислам Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохбер де елордаға келді, деп хабарлайды 24kz.

Астана әуежайында оны Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин қарсы алды. Мохаммад Мохбер Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-отырысына қатысады. Былтыр Нью-Делидегі саммит барысында Иранның толыққанды мүше ретінде ұйымға кіруі нақты рәсімделді. Иран мемлекетаралық бірлестіктің тоғызыншы мүшесі болды.