ШЫҰ+ форматындағы алғашқы кездесу өтеді

Бүгін Астанада "ШЫҰ плюс" форматындағы алғашқы кездесу өтеді.

Оған Түркия, БАӘ, Қатар, Әзербайжан, Түрікменстан мен Моңғолия көшбасшылары және БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш қатысады.

Саммит алаңындағы "ШЫҰ плюс" форматындағы алғашқы кездесуде саяси одақтың халықаралық серіктестігін дамыту жайы сөз болады. Бұған дейін мұндай кездесулер кеңейтілген отырыс ретінде өтетін. Оның аясында ұйым мүшелері мен шақырылған мемлекет өкілдері жаһандық және өңірлік мәселелерді талқылайды.

Бұған дейін елге Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келгені белгілі. Одан соң бірнеше мемлекеттің көшбасшылары жетті.

Жалпы саммитке 10 мыңдай шетелдік делегат келген. Шанхай ынтымақтастық ұйымы – Еуразиядағы ең ықпалды ұйым. Оған мүше 9 мемлекетте әлем халқының 45 пайызы немесе 3 миллиардтан астам адам тұрады.