Санаулы сәттен соң саммит басталады. LIVE
Бүгін елордада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 24-саммиті өтеді.
Кешелі бері Астанаға ағылған мәртебелі меймандар Тәуелсіздік сарайында басқосып, өзара талқылау жүргізеді. Жаһан жұртының болашағы үшін маңызды шешімдер қабылдап, ұйымның алдағы ұстанымын, бағыт бағдарын талқылайды.
Келелі кеңестен ақпарат таратуға келген шетелдік журналистердің де қарасы қалың. Олар үшін арнайы баспасөз орталығы құрылған. Тілшілер қосынындағы қызу тіршілік жайлы тікелей эфирге қосылатын тілшіміз Шернияз Жалғасбекұлынан сұрап көрейік.
Шернияз Жалғасбекұлы, тілші: