Р. Ердоған: Күш біріктіру маңызды
Шанхай ынтымақтастық ұйымы Азия елдерімен диалог орнатуға ыңғайлы әрі тиімді платформа.
Біздің ел терроризмге қарсы күресте осы бірлестікпен қатынасты дамытуға мүдделі. Бүгінгі саммит аясында өткен «Шанхай Ынтымақтастық ұйымы плюс» жиынында Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған осылай деді. Айтуынша, қазір әлемдік қауіпсіздіктің іргетасы дұрыс қаланбай отыр. Бұл тұста күш біріктіру маңызды, дейді Түркия басшысы.
ЦИТАТА
Әлемдегі геосаяси күйзеліс одан сайын ушықты. Оның ішінде ең сорақы қатыгездік Газа секторында болып жатыр. Израильдің оған қатыгездікпен шабуыл жасауы 40 мыңға жуық жазықсыз жанның опат болуына әкелді. Израильдің әрекетіне тосқауыл қоюымыз қажет. Оны халықаралық құқық негізінде жүзеге асыруымыз керек. Сонда ғана әлемдік деңгейде әділет орнайды.
Реджеп Тайип Ердоған, Түркия Президенті