Президент VI Консультативтік кездесудің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты.
Жиынға Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев және БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, сондай-ақ Орталық Азия бойынша превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталық басшысы Каха Имнадзе де шақырылған. Қазақ басшысы Консультативтік кездесудің алтыншы мәтре өткізілуі бауырлас халықтар арасындағы ғасырлар бойына жалғасқан достық байланысты нығайтуға, көп жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және халықаралық аренадағы ықпалдастықты күшейтуге бейілді екенін көрсетенін атап өтті.