Сарапшы: АЭС экономикалық тұрғыдан тиімді

Елімізде электр қуатын өндіретін станциялардың 70 пайызы көмір жағады.

Олардың дені тозған. Мұны ескерсек, алдағы  10 жылдықта кейбірінің жұмысы тоқтауы мүмкін. Ал электр тұтыну көлемі жылдан жылға артып келеді. Оның үстіне 2060 жылға қарай, әлем алдында көміртегі бейтараптығына қолжеткізу міндеті тұр. Көмірмен жұмыс істейтін электр стансаларының қоршаған ортаға залалы орасан. Сондықтан атом электр станциясы бұл тұрғыда әлдеқайда зиянсыз әрі экономикалық тұрғыда тиімді, дейді сарапшылар.

Сапарбай Жобаев, экономист:

- Атом электр станциясы бізге электр энергияны қосымша берумен қатар, сол атом өндірісіне байланысты сыбайлас өндірістердің дамуына да әсер етеді. Ол электр энергия қосымша шығарады. Сол қосымша электр энергия шығарғаны біздің экономикамызға бүгінгі күнде өткен жылы азғантай жетіспеушілік болып, Ресейден сатып алдық. Ал біз сататын ел болуымыз керек. 

Асуан Сиябек, сарапшы:

- Атом электр стансасымен жылу электр стансасын салыстыратын болсақ, ол жерде күл, қоқыс, басқа да элементтердің шығуын айтып кету керек. 10 млн тоннаға дейін шығын шығатын болса, атом электр стансасы ол жерде өте аз мөлшер. Еуропа елдерінде, Батыс елдерде АЭС жасыл энергетикалық бағытын және де көміртек азайту стратегиясында қолданады.