Қазақстан мен Марокко арасында визасыз тәртіп енгізіледі

Қазақстан мен Марокко арасында визасыз тәртіп енгізіледі, деп хабарлайды 24kz.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы аясында екі елдің Сыртқы істер министрлері ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімге қол қойды. Марокко биыл елімізбен екіжақты визасыз режим орнатқан  төртінші мемлекет болып отыр. Келісім күшіне енсе, Қазақстан мен Марокко азаматтарына екі елдің аумағына кіріп-шығу, транзит және уақытша болу үшін виза талап етілмейді. Бірақ визасыз жүру мерзімі жарты жылда бір айдан аспауы тиіс.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Бұл келісімге сәйкес екі елдің азаматтары бір-біріне 30 күнге дейін визасыз бара алады. Әрине, Марокко елі туризмнен басқа бізге экономикалық жағынан да қызық. Азаматтардың жүріп-тұруын визасын режим өте жеңілдетеді. Сауда-экономикалық қарым-қатынастарға да серпін береді деген ойдамыз.