Референдум аясындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бүгін аяқталады

Бүгін елімізде Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты референдум аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аяқталады.

Ол тура 400 күнге созылды. "Бұл - Қазақстанның саяси тарихындағы ең ұзақ науқан", – деді Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.

«Осы уақыт ішінде әр аймақта қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды, ақпарат кеңістігінде сарапшылар мен қоғам белсенділері жан-жақты пікір алмасты. Ерлан Қарин өзінің телеграмм арнасында «Amanat» партиясының бастамасымен 6 саяси партия және 20-дан астам қоғамдық бірлестік Атом электр стансасын салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб құрғанын атап өтті. "Штаб мүшелері барлық өңірдің тұрғындарымен кездесу өткізді. Осылайша, азаматтарымыздың Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға қатысты байыпты тоқтамға келуіне мүмкіндік берілді», – делінген жазбада.