Бельгия мен Люксембургтегі қазақстандықтар Брюссельде дауыс береді

Брюссельдегі референдумда дауыс беруге арналған 373 нөмірлі учаске дайын.

Біздің елшілік ғимаратына 6 қазанда Бельгия мен Люксембургте тұратын отандастарымыз келе алады. Мұнда халықаралық және еуропалық ұйымдарда қызмет ететін қазақстандықтар тұрады. Білім алып жатқан студенттеріміз бен дипломаттар да баршылық. Олар референдумға қатысу үшін таңғы 7 мен кешкі 8 аралығында сайлау учаскесіне келе алады.

Гауһар Тұрсынова, учаскелік комиссия төрағасы:

"Референдумның ресми күні жарияланған сәттен бастап елшілік Бельгия мен Люксембургте уақытша және тұрақты тұратын, жұмыс істейтін азаматтарға ақпарат жеткізу бойынша барлық шараларды қабылдады. Люксембургте консулдық есепте 200-ге жуық адам тіркелген. Азаматтарға ақпарат әлеуметтік желілер, сайттар, сондай-ақ мессенджерлер арқылы жеткізілді."