АЭС – ғылым жетістігі

Бейбіт атом энергетиканы дамытумен шектелмейді.

Оған қоса медицина мен техникалық ғылымдарды тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Парниктік газ шығарындыларын азайтып, төмен көміртекті энергияға көшуге әсер етеді. Референдум алдында өткен дөңгелек үстелге қатысқан сала мамандары осылай дейді. Қазір экономикалық тұрғыдан өсуге ұмтылатын мемлекеттер бейбіт атомның әлеуетін белсенді пайдаланады. Атом энергетикасына көшу көмір мен мұнайға деген тәуелділікті азайтады. Мұндай отын түрлерінің көмірқышқыл газы шығарындыларының негізгі көзі екені белгілі. Ал атом энергиясы қауіпсіз, тұрақты және кепілдендірілген энергиямен қамтамасыз ете алады

Игорь Лебедев, ядролық физика және радиациялық экология зертханасының меңгерушісі:

- Энергетиканың түрлері бір-бірін толықтырып отырады. Жаңартылатын энергия көздерінің де маңызы зор. Бірақ атом электр стнациясындағыдай қуат бере алмайды. Бірі күнге, бірі желге тәуелді. Оны әлі де дамыта түсу керек деп есептеймін. Атом энергетикасы болса, электр қуатын өндірудің ең тиімді жолы саналады. Ол экономикалық жағынан үнемді, әрі экологияға зияны аз.