Шымкентте мемқызметшілер мен қоғам қайраткерлері дауыс берді

Шымкенттіктер бүгінгі референдумда белсенділік танытты.

Солардың арасында қала әкімі мен қоғам қайраткерлері де бар. Ғабит Сыздықбеков «Түркістан сарайында» орналасқан учаскеде өз таңдауын жасады. Ал Шалатай Мырзахметов отбасы мүшелерімен бірге №218 референдум учаскесінде дауыс берді.

Шалатай Мырзахметов, мемлекет және қоғам қайраткері:

- Мен 18 жасымнан бері сайлауға қатысу тиісті болғандықтан қатысып келемін. Неге десеңіз ол менің құқығым. Өзімнің құқығымды пайдаланбауға болмайды. Сондықтан қалаймын ба, қаламаймын ба жүрек қалауыма байланысты дауыс беруім керек.