Президент Премьер-министрді қабылдады

Биылғы үшінші тоқсанда шикізаттық емес секторды дамыту нәтижесінде ішкі жалпы өнімнің өсімі 4 пайызды құрады.

Ал қаңтар-тамыз айларында сыртқы тауар айналымы 91,7 миллиард долларға жетті. Нәтижесінде ел бюджетіне 14,9 триллион теңге түскен. Мемлекет басшысының қабылдауында болған Олжас Бектенов еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады. Премьер-Министр заңсыз иеленген активтерді қайтару жөніндегі тапсырманың орындалу барысын да айтты. Жыл басынан бері комиссия 450 миллиард теңгеге жуық активтерді қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдаған. Президент Үкіметтің жұмысын жандандыру қажет екенін атап өтті. Бұл ретте ел экономикасын әртараптандыру арқылы оның тұрақты өсімін қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті қолдау, ірі индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру шараларын жалғастыруды тапсырды.