Қазақстан мен Катар әскери ынтымақтастықты нығайтады
Алдағы уақытта Қазақстан Республикасы мен Қатар Әмірлігі арасындағы әскери ынтымақтастық нығая түседі.
Осыған қатысты Заң бүгін Сенат отырысында мақұлданды. Бұдан былай қос мемлекеттің қорғаныс күштері өзара тәжірибе алмасып, бірлескен оқу-жаттығуларына қатысады. Әскери полигондарда жауынгерлік дайындықты пысықтап, екеуара әуе кеңістігін пайдаланады. Ұлттық қорғаныс саласына Қатар елінен инвестиция тарту жағы да көзделіп отыр. Құжат 5 жылға арналған. Осы мерзім ішінде екі тараптан Заңның күшін жою туралы өтініш түспесе, келісім автоматты түрде тағы 5 жылға ұзартылады.
Шайх-Хасан Жазықбаев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
- Осымен ұқсас ратификацияланған үш келісім бар. Ол Қырғызстанмен және РФ-мен. Біз көздеп отқанымыз тіл мәселесі бойынша Қатар елінде өзіміздің офицер, сержанттарымызға араб тілін меңгеру. Ал Қатар мемлекетінен талпыныс болса, Ұлттық қорғаныс университетінде оқыту үшін біз бірінші кезекте қазақ тілін оқыту керекпіз. Ал егер ол жақтан орыс тілін меңгеру туралы сұрақ болса, оны да оқыта аламыз.