Қазақстан Президенті шетелдік әріптестерін қарсы алды

фото: akorda.kz

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары Астанада бас қосты, деп хабарлайды 24kz.

Мәртебелі меймандарды Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алды. Қазақ басшысы шетелдік әріптестерімен дидарласып, кейіннен бірге суретке түсті.

Айта кетейік, бүгін бас қалада Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді.