ҰҚШҰ елдері басшылары бірқатар құжатқа қол қойды
Мемлекеттер басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясын қабылдап, бірқатар құжатқа қол қойды. Оның ішінде Тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымының мақсатты мемлекетаралық бағдарламасы бекітілді.
Сонымен қатар президенттер Жеңістің 80 жылдығына байланысты мәлімдеме қабылдап, келесі жылы осы айтулы датаға орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шаралардың жоспарын бекітті. Қабылданған құжаттар Ұйым мен ұжымдық қауіпсіздік жүйесін барлық мүше мемлекеттердің мүддесіне сай кешенді түрде дамытуға бағытталған.