Заң мен тәртіп: жастар арасында қылмыс азайды
Жыл басынан бері зорлық-зомбылық пен суицидті насихаттайтын 35 мыңнан астам заңсыз интернет ресурстар анықталды.
Оның 127-і сайт. Мұндай қауіптерге қарсы белсенді әрекет ету жасөспірімдерге теріс әсер етудің алдын алуға және олардың заңсыз әрекеттерге қатысу қаупін азайтуға көмектеседі. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстары да жүйелі ұйымдастырылып келеді. Жыл басынан бері 12 мыңнан астам профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Ювеналды полиция қызметкерлері білім беру мекемелерімен белсенді қарым-қатынас жасайды, баланың құқығы туралы сабақтар өткізеді және құқық бұзушылыққа бейім оқушыларды анықтайды. Биыл 94 мыңнан астам осындай кездесулер ұйымдастырылды, бұл мектептерде қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл шаралар қазірдің өзінде нәтиже беруде: жасөспірімдер қылмысы 6%-ға төмендеді. Сондай-ақ кісі өлтіру - 29, ұрлық - 19, тонау - 15 пайызға қысқарды.