Елде 69 дағдарыс орталығы бар

Жыл басынан бері 100 мыңға жуық тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайы тіркелді.

Ішкі істер министрлігі 72 мың шектейтін қорғаныс ұйғарымдарын берді.Тағдырдан теперіш көріп, жуан жұдырықтылардан зардап шеккен әйелдер мен балаларға көмек көрсететін 69 дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері осындай орталықтарға 5,5 мың нәзік жанды жүгінді, оның 3,7 мыңы – балалы әйел. Дегенмен жүйелі жұмыстың нәтижесінде кейінгі бес жылда әйелдерге қатысты қылмыстар саны екі есеге қысқарды. Оның ішінде зорлық-зомбылық қылмыстары 37,9%-ға, кісі өлтіру – 49,3%-ға, ауыр дене жарақатын келтіру – 8,7%-ға азайған. Бұл зардап шеккендерді қорғауға және қолдауға бағытталған кешенді шаралардың тиімділігін айғақтайды.