Әлеуметтік әмиянның игілігін көрушілер саны артты
Елімізде әлеуметтік әмиян арқылы 703 мыңнан астам оқушы ыстық тамақпен тегін қамтылды.
Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі осылай деді. Жаслан Мәдиевтің айтуынша, бұл жүйе арқылы тегін дәрі-дәрмек үлестіру қызметі де көрсетіледі. Қазір мемлекеттік дәріханалардың барлығы платформаға қосылған және 1,5 миллионнан астам рецепт берілген. Ведомство басшысы саладағы өзге де қызметтердің нәтижесіне тоқталды. Қазақстандықтар ұшақ және пойызбен қатынау үшін цифрлық құжаттар қолдана алады. Биыл мұндай 200 миллионнан астам қызмет көрсетілген. Сонымен қатар онлайн нотариус арқылы 175 мың құжат қашықтан рәсімделген.