Заң мен тәртіп: ₸103 млрд бюджет қаржысы үнемделді

Қаржы мониторингі агенттігі 103 млрд теңгеге жуық бюджет қаржысын ысырап болудан сақтады.

Мамандар елде жүзеге асып жатқан әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларға талдау жасады. Соның  арқасында жыл басынан бері 61 құрылыс нысанында артық шығын қысқартылды. Мәселен, Қарағанды облысындағы "Қарағанды су" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі су тазарту құрылғыларын жаңғырту кезінде құбырлардың құнын өсіріп көрсеткені анықталды. Мұндай жемқорлық жайттары Ақтөбе облысында да белгілі болды.