Олжас Бектенов Әзербайжан елшілігінің көңіл айту кітабына жазба қалдырды

Олжас Бектенов ұшақ апатына байланысты Әербайжан елшілігінің көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Онда: «Бұл қиын сәтте Қазақстан Үкіметінің және өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, апат салдарынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін, әзербайжан халқына сабыр мен төзім тілеймін. Біз бауырлас Әзербайжанға тиісті көмек қолын созып, жан жақты қолдау көрсетеміз», деп көңіл білдірген.