«Елдігімізді танытқан ерен жыл»: биыл атқарылған ілкімді істер
Биыл Президент 23 рет өзге елдерге барды. Оның жетеуі мемлекеттік сапар болса, бесеуі ресми және 11 жұмыс сапары болған.
Тағы Қазақстанға да 11 елдің басшылары келіп-кеткен. Осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаев бір жыл ішінде 245 сағат 18 минутын ұшақ пен тікұшақта өткізіп, 158 мың 983 шақырым жол жүрген. Бұл жер шарын 4 рет айналып шыққанмен тең келеді. Бұл жайында Мемлекет басшысының биыл қызметте атқарған жұмысын қорытындылаған Президенттің кеңесшісі, әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли «Егемен Қазақстан» газетінде жариялаған мақаласында жазған.
Әділетті Қазақстанды құру жолы. Бұл тұрғыда биыл атқарылған ілкімді істер аз болмады. Мемлекеттің демократиялық дамуының жаңа бағдары белгіленді, тұрақты саяси жүйенің негізі қаланды, заң мен тәртіп идеологиясы орнықты. Бұл жайында мемлекет басшысының биыл қызметте атқарған жұмысын қорытындылаған Президенттің кеңесшісі, әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли «Егемен Қазақстан» газетінде жариялаған мақаласында жазған.
Мемлекет басшысы осы жылы 3 979 құжатты қарап, қол қойды. Оның ішінде 95 заң, 319 жарлық, 81 өкім, 28 отырыс хаттамасы, 3 456 қызметтік құжат қабылданды. Бұның барлығы да ел экономикасын арттыруға бағытталған. Тағы Президент биыл жұмыс сапарларымен 11 өңірге барған. Аймақтардағы 60-тан аса өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандармен танысып, жұртшылықпен кездесті. Сондай-ақ ел ішіндегі 41 іс-шараға қатысты.
Шыны керек, 2024 жыл еліміз үшін оңай болмады. 80 жылда болмаған алапат апат орын алып, республиканың 10 аймағын қызыл су басты. Тасқынмен жұрт жұмыла күресті. Мемлекет басшысы да зардап шеккен халықтың жанынан табылды. Барлығына қажетті көмек көрсетілетіндігін де айтты. Солай болды да.
Берік Уәли, ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы:
- Атап айтқанда, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде комиссиялар жұмыс істеді, олар азаматтардың жалғыз баспанасы болған 19 359 үй мен саяжай құрылыстарын тексерді. Оларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жылжымайтын мүлік нарығынан 5 767 тұрғын үй сатып алынды. 9 156 үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жүз пайыз аяқталды. Бұл мақсаттарға барлығы 54,7 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ қысқа мерзімде 64 млрд теңгеге 2 680 жеке тұрғын үй салынды. Бұған қоса 36 455 отбасына жалпы сомасы 13,3 млрд теңге, яки 100 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. 21 876 отбасына 9,9 млрд теңге көлемінде 150 АЕК-ке дейінгі өтемақы төленді.
Ал биылғы жылдың ақжолтай жаңалығы – Алатау қаласын құру болды. резидент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 қаңтарда «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Жарлыққа қол қойған. Осылайша, Жетіген ауылы Алатау қаласы болып қайта құрылды. Келешекте Алматы мен Қонаевтың ортасында бой көтеретін Alatau City шаһарының іргесі қаланды.
Берік Уәли, ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы:
- Бірнеше жылдан бері талқыланып келе жатқан жаңа урбанистік жобаны жүзеге асыруға шетелдік инвесторлар айрықша қызығушылық танытып отыр. Президент Сингапур сапарында және одан кейін де әлеуетті инвесторлармен кездесіп, Алматы агломерациясын өркендеген экономикалық аймаққа айналдыруды көздейтін жобаның жай-жапсарын талқылады.
Ішкі және сыртқы саясатты қатар ұстау – ел басқаратын тұлғаның басты міндеті. Жұмыс кестенің тығыздығына қарамастан Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы арттырып, инвестициялар тарту мақсатында бірқатар шетелдік сапарларын да жасады.
Нақтырақ айтқанда, биыл Президент 23 рет өзге елдерге барды. Оның жетеуі мемлекеттік сапар болса, бесеуі ресми және 11 жұмыс сапары болған. Тағы Қазақстанға да 11 елдің басшылары келіп-кеткен. Осылайша Президент бір жыл ішінде 245 сағат 18 минутын ұшақ пен тікұшақта өткізіп, 158 мың 983 шақырым жол жүрген. Бұл жер шарын 4 рет айналып шыққанмен тең келеді. Шетелдік сапарлардың алғашқысы Италия болды.
Мұнда тараптар бірқатар маңызды келісімдерге келді. Мәселен, Самұрық-Қазына бірлескен инвестициялық қор құрып, елде энергетика, логистика сынды салалардағы жобаларды қаржыландыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізді. Бұдан бөлек Италия тарапы Қазақстанда гирбридті электр станциясын салатын болады. Оның қуаттылығы 247 МВт-қа жетеді. Міне, осы сынды тағы бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылды.
Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы
- Біз Balestra компаниясымен келісімге қол қойдық. Сол келісімге сәйкес біз Түркістан облысында күкірт қышқыл зауытын ашамыз. Бұл зауыт Қазатомөнеркәсібінің еншілес компанияларын күкірт қышқылымен қамтамасыз етеді.
Айта кету керек, 2024 жылы Қазақстане 6 негізгі халықаралық ұйымға төрағалық етті. Соның бірі Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы. Шілде айында Астанада саммит өтті. Терроризм, экстремизм және есірткі тасымалына қарсы күрес шаралары қаузалған жиынға көптеген беделді елдердің басшылары қатысты. Алқалы жиын Қазақстанның ШЫҰ шеңберіндегі рөлін күшейтіп, ұйымның аймақтағы тұрақтылық пен дамуға қосқан үлесін арттыра түсті.
Жанерке Қайратқызы, саясаттанушы:
- ШЫҰ – ол әу баста аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге. Соның ішінде есірткімен күрес, халықаралық терроризмен күресдеген мәселелерді шешуге құрылған болатын. Ол өзінің мақсаттарына жетті.
Саммитке келетін болсақ, бұл саммит көпполярлы әлемді қалыптастырудағы 2024 жылғы үлкен іс-шаралардың бірі деуге болады.
Бұл жерде өте кең мәселелер талқыланды. Тек қана аймақтың деңгейіндегі мәселелер емес. Сонымен қатар жаһандық деңгейдегі ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған біршама мәселелер көтерілген болатын.
Биыл еліміз төрағалық еткен тағы бір ұйым – ол ұжымдық қаупісіздік туралы шарт ұйымы болды. Бұл аралықта да маңызды іс тындырылды. Атап айтқанда, тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі мемлекетаралық бағдарламасы бекітілді. Бұл құжатты әзірлеу сонау 2013 жылы басталған болатын. Шекараның ұзындығы 1400 шақырымнан асады. Әрі таулы аймақтан өтеді. Сондықтан оны бекіту ісі кешеуілдеп қалған болатын. Енді қабылданған бағдарлама осы шекара шебінде арнайы қызметті күшейтіп, заманауи қадағалау құралдарын орнатуға, инфрақұрылымды жетілдіруге мүмкіндік береді. Басты мақсат – терроризм мен экстремизмнің алдын алу, есірткі тасымалына тосқауыл қою мен Орталық Азия аймағындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Риззат Тасым, саясаттанушы:
- ОДКБ ұйымына мүше елдердің аумағында қауіпсіз ортаның қалыптастыру. Сондықтан Қазақстан үшін өзінің шекаралас аймағында буферлік қауіпсіз аймақтарды қалыптастыру. Сол үшін де тәжік-ауған шекарасын бекіту. Ұжымдық қауіпсіздік шарты аясында реториканың деңгейі де әртүрлі. Саммиттің қорытындысы басты қазақстан керісінше конфрастациялық реториканың контрпротивті екенін дәлелдеді. Және де бұл бағытта қорытынды мәлімдемеде де негізі алдағы ұжымның әр мүшесінің көзқарасы көрініс тапқан болатын.
Қазір әлемдегі жағдай мың құбылып, оның кері әсері барлық елдерге тиіп жатыр. Осыдан сауда тізбектері де үзіліп, экономикалық қиыншылықтарға да тап болуда. Осы ретте Қазақстан Еуразия төңірегіндегі өз жағдайын пайдаланып, ірі транзиттік хабқа айналуды көздейді. Ол үшін батыл қадамдарға да барып жатыр. Мәселен, Президент Қытайдың Сиань қаласындағы көлік-логистика орталығын ашты. Бұл Қытай мен Еуропа елдерін жалғайтын болады. Ал шілденің 3-і күні Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинпен Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк көліктері мен теміржол контейнерлерін жөнелту рәсіміне телекөпір режімінде қатысты.
Берік Уәли, ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы:
- Қытай – Қазақстан – Каспий теңізінің акваториясы – Әзербайжан – Грузия арқылы өтіп, әрі қарай Еуропа елдеріне баратын Транскаспий халықаралық көлік бағыты уақыт жағынан да, экономикалық тұрғыдан да тиімді көлік жолына айналады. Сонымен қатар Өзбекстанмен арадағы көлік-транзит мүмкіндіктерін кеңейту және Трансауған теміржолы бағытын дамыту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Осы жылы елде тағдыршешті таңдау да жасалды. Ол 6-шы қазан күні АЭС құрылысына қатысты өткен жалпыұлттық референдум. Мұнда дауыс берушілердің 71,12 пайызы АЭС салуды қолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Тағы биыл Президент бірқатар баянды бастамалар да көтерді. Мәселен, келер 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Тұңғыш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы бекітіліп, алғашқы иелеріне табысталды. Жалпы, биыл мемлекеттік наградаға еңбегімен үлгі болып жүрген ел азаматтары көп ұсынылды. Бұдан бөлек Президент бастамасымен сәуір айында жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Жыл бойы жүргізілген акциға 2,4 млн-ға жуық адам қатысып, 900 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Шамамен 2,5 млн көшет отырғызылды. Бұл атқарылған істердің барлығын Президенттің баспасөз қызметі жыл бойы akorda.kz сайтына, телеграм арнасына жариялап отырған. Мәселен, сайттың өзіне Президенттің атқарған қызметі жайлы 814 ақпараттық хабарлама, ал акорда телеграм арнасына 7804 ақпарат жарияланған.
Авторы: Риат Шони