Президент жұмысының жылдық қорытындысы
Форумдар мен кеңестер.
Түрлі кездесулер. Биыл мемлекет басшысы жалпы 41 жиынға қатысқан екен. Сонымен қатар еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерімен 137 кездесу өткізген. Сол сандарды сөйлету үшін мына экранға назар аударайық.
Президенттің әр кездесуі мен әр сапары ел экономикасын арттыруға бағытталған инвестициялар тартуды көздейді. Осы тұрғыда алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанға тартылған шетелдік тікелей инвестиция көлемі 9,8 млрд долларға жеткен. Ел экономикасына қаржы құйға ірі инвесторлардың қатарында Нидерланд, Ресей, Бельгия, Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Франция сынды мемлекеттер бар.
2024 жылдың I жартыжылдығы – $9,8 млрд
Нидерланд – $2,1 млрд
Ресей - $1,7 млрд
Бельгия - $764,7 млн
Қытай - $664,7 млн
Оңтүстік Корея - $597,6 млн
Сингапур - $555,6 млн
Франция - $404,3 млн
Швейцария - $362,9 млн
Люксембург - $359,4 млн
Ұлыбритания - $354,4 млн
ЦИТАТА
Берік Уәли, ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы:
- Бұл көрсеткіш тау-кен өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда, өңдеу өнеркәсібі салаларында көбірек тіркелді. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі қаңтар-қараша айларында 15,8 трлн теңгеге жетті. Бүгінде 795,9 млрд теңге көлеміндегі сомаға 134 жоба іске қосылды, 10,1 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Мемлекет басшысы жаңадан жұмысын бастаған бірнеше ірі зауыт пен кәсіпорынға арнайы барып, қызметімен танысты.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлесі биыл қаңтар-қараша аралығында 15,8 трлн теңгеге жетті. Бұл қаржыны басым бөлігі өнеркәсіп, жылжымайтын мүлік бойынша операциялар, көлік және қоймалау, білім беру, ауыл, орман және балық аулау шаруашылығына жұмсалған екен.
негізгі капиталға салынған инвестиция
2024 жыл қаңтар-қараша – ₸15,8 трлн
өнеркәсіп – 40,5%
жылжымайтын мүлік бойынша операциялар – 19,3%
көлік және қоймалау – 17,8%
білім беру – 5,2%
ауыл, орман және балық аулау шаруашылығы – 4,9%
Сонымен қатар әлеуметтің әлеуетін көтеруге де бағытталған жобалар қолға алынды. Атап айтқанда, жалпы сомасы 795,9 млрд теңге болатын 134 жоба іске қосылды. 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Тағы Президент тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қалалар мен қарқынды дамып келе жатқан ауылдарда 460 мың оқушыға арналған 217 мектеп салынып жатыр. Қазірдің өзінде 36 білім ұясы пайдалануға берілген. Оның 15-і елді мекендерде орналасқан.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы
217 жаңа мектеп салынуда
460 мың оқушыға арналған
36 мектеп пайдалануға берілді
15 мектеп елді мекендерде орналасқан
ЦИТАТА
Берік Уәли, ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы:
Ал бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында алғашқы санитарлық-медициналық көмек көрсететін 276 нысанның құрылысы аяқталды. Оның 99-ы 2023 жылы, ал 117-і биыл іске қосылды. Келер жылы 125 нысанның құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұдан бөлек биыл Президент БАҚ өкілдерімен де байланыста болды. Жыл басында Егемен Қазақстан газетінде кең көлемдегі сұхбаты жарық көрді. Бұдан бөлек, Әзербайжанның АРА, Арменияның «Арменпресс», Қытайдың «Синьхуа» ақпарат агенттіктеріне және «Жэньминь Жибао» газетіне сұхбаттары, Францияның Le Figaro, Ресейдің «Известия» басылымдарына мақалалары жарияланды. Сондай-ақ Президент шет мемлекеттер басшыларымен бірге БАҚ өкілдеріне арналған 14 брифинг өткізді.
Мемлекет басшысы биыл атқарған жұмыстардың қысқаша қорытындысы осындай болды.