И. Велизаде: Қара жәшікті бразилиялық мамандарға тапсыру шешімі дұрыс болды
Ақтауда құлаған ұшақтың қара жәшігін бразилиялық мамандарға тапсыру шешімі дұрыс әрі әділ болды.
Әзербайжандық саясаттанушы Ильгар Велизаде осындай пікір айтты. Қазақстан тарапының жасаған бұл маңызды таңдауы екі ел арасындағы байланыстың берік екенін аңғартады. Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынас екіжақты сенімге негізделген, дейді сарапшы.
Ильгар Велизаде, саясаттанушы:
- Ұшақтан қалған "қара жәшік" сияқты дәлел-дәйектер Каспий түбіне батып кеткенде немесе белгілі бір мүдделі тараптың қолына түскен жағдайда не боларын шамамен елестетуге болады. Осы орайда Қазақстан тарапы өте әділ шешім жасады. Өйткені Қазақстан, Әзербайжан және Ресей елдерінде бөлек тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. Алайда қара жәшікті тәуелсіз зерттеу жұмысын бейтарап ел Бразилияға тапсыру - өте сындарлы саясат деп білемін. Ең бастысы жолаушыларға жан-жақты көмегін берген қазақстандықтарға, оның ішінде науқастарға қан тапсырған Ақтау мен Астана тұрғындарына алғысымды айтамын.
Кентау қаласындағы №5 жылу энергия орталығының мамандары жаңа жылдық мерекеге қарамай жұмыс істеп жатыр. Себебі жылу орталығы қаладағы 14 мың абонентті жылумен қамтамасыз етеді. Оның ішінде әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлер және коммерциялық нысандар бар. Сондықтан мамандар қазандықтарды бір сәтке де қараусыз қалдыруға болмайтынын айтады.