Қ. Тоқаевтың сұхбаты: әлемдік сарапшылар не дейді?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты әлем елдерінде кеңінен талқылануда.

АҚШ, Ресей, Норвегия мен басқа да мемлекеттердің саясаттанушылары, қоғам қайраткерлері сұхбатқа қатысты пікір білдіріп, бағасын беріп жатыр.

Қаңтар оқиғасы, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне деген көзқарас, үкіметтің қаржы-экономикалық блогының жұмысы. Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Ана тілі" газетінде жарияланған кең-көлемді  сұхбатында қоғамды мазалаған мәселелерге жауап берді дейді ресейлік маман Аркадий Дубнов 

Аркадий Дубнов, саясаттанушы / РФ

ЦИТАТА: «Тоқаевтың сұхбатында қозғалған өзекті тақырыптардың ішінен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға жасаған соңғы сапары кезінде айтқан сөздерін тілге тиек еткенін ерекше атап өткім келеді. «Қытай елімізге ешқашан зиянын тигізбейді. Біздің егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді барынша қолдайды. Бұл өте маңызды мәлімдеме»,- деді Тоқаев. Осылайша Қытайды Қазақстанды сыртқы қауіп-қатерден қорғауға кепіл болатын ел ретінде көрсетті. Тоқаев сондай-ақ АҚШ-тың 47-президенті болып сайланған Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескені туралы айтып, Қазақстан Украинада бейбітшілік орнату үшін келіссөздер жүргізуді қолдайтынын атап өтті. 

Норвегия

Қазақстан президентінің сұхбатына Норвегиялық сарапшылар да пікір білдірді. Қоғам қайраткері Гленн Агунг Холеның пікірінше, Тоқаев соңғы жылдары инклюзивті және заманауи мемлекет құруға бағытталған демократиялық реформаларды жүзеге асырып келеді.  Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, Еуропа үшін де өте маңызды.

Гленн Агунг Холе, қоғам қайраткері / Норвегия

ЦИТАТА: «Демократиялық һәм тұрақты Қазақстан Орталық Азияның дамуына және өңірдегі геосаяси тепе-теңдіктің сақталуына зор ықпал етеді. Менің ойымша, Норвегия мен Еуроодақ Қазақстанның демократия жолындағы бағытын қолдауы керек. Мұндай реформалар ішкі саясат мәселесі ғана емес, сонымен қатар Еуропа мен Азияны байланыстыратын өңір үшін жаһандық деңгейдегі қажеттілік. Демократиялық тұрақтылық бейбітшілікті, экономикалық даму мен өңірлер арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз етуге көмектеседі». 

Түркия

Өз кезегінде түркиялық сарапшы мемлекет басшысының айтқан сөздері мазмұнды екеніне тоқталды.

Эмрах Кая, сарапшы / Түркия

ЦИТАТА: «Сұхбатта Қасым-Жомарт Тоқаев өз еліндегі саяси жағдайлар, экономикалық даму, сыртқы саясат пен жастар мәселелері бойынша толыққанды жауап берді. Оның сөздері терең ұғынуды қажет етеді. 

АҚШ

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескені туралы да айтты. Мемлекет басшысы америкалық саясаткермен болған әңгіме ашық әрі мазмұнды өтті деді. Сондай-ақ Ақ үйдің жаңа қожайыны мен оның командасы халықаралық саясатқа жаңа сипат беруді жоспарлап отырғанын жеткізді. Тоқаев Дональд Трамптың Украинадағы әскери қақтығысты тоқтату бойынша Қазақстанның пікірін сұрағанын да атап өтті.

Ариэль Коэн, философия докторы / АҚШ

ЦИТАТА: «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында жарыққа шыққан сұхбаты Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі ілгерілетуге ниетті екенін көрсетеді.

Қазақстан халықаралық аренадағы позициясын күшейтті. Бұл еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және экономикамызды орнықты дамытуға септігін тигізеді, деді мемлекет басшысы.