Зайнутдинов бастапқы құрамда өнер көрсетті
![Зайнутдинов бастапқы құрамда өнер көрсетті](/media/k2/items/cache/7e41210ff581f43d03dff64c1ea2a7ae_XL.jpg?t=20231002_090911)
"Бешикташ" суперлиганың жетінші турындағы матчта "Коньяспор" командасын ойсырата жеңді.
Есеп 2:0. Конье қаласында өткен кездесуде қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов бастапқы құрамда өнер көрсетті. Бірінші тайм түйінделер тұста алаң иелері сапынан Уруджан Язгылы автоголмен есеп ашты. Ал 63-ші минутта Венсан Абубакар мергендік танытты. Кезекті жеңісінен соң стамбұлдық команда 13 ұпай еншілеп, турнир кестесінде 4-ші орынға көтерілді. Енді осы бейсенбіде швейцариялық "Лугано"-ға қарсы ойнайды.