«Ibsa Judo Grand Prix Astana» турнирі басталды
Елорда төрінде пара дзюдодан халықаралық «Grand Prix Astana» турнирі басталды.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан додаға әлемнің 24 елінен 140-қа жуық спортшы жиналды. Бұл сында 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама беретін рейтингтік ұпайлар беріледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы доданың деңгейі жоғары. Сайысқа қазылық жасайтын білікті төрешілер жиналған.
Медет Байкен, Қазақстан зағиптар ассоциациясының төрағасы:
- Бұл дәстүрге айналған жарыс,осымен 6 жыл қатарынан Қазақстанда өтіп жатыр. Мықты әлем чемпиондары келіп осы жерде сынға түсіп жатыр. жарыстың деңгейі өте жоғары өтеді. Себебі бұл жарыс IJF пен IPSA мекемелерінің бірлескен джойнт ивент болып жатыр. Ең үздік төрешілер жиналып жатыр. Алда Жапонияда Азия ойындары келе жатыр. Соған байланысты бүгін түпкі картинасы белгілі болады. Азия ойындарына дайындалатын боламыз.