Футбол: Қазақстан құрамасы армениялықтармен тең түсті
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы армениялық аяқдопшыларға қарсы жолдастық кездесуде тең түсті.
Есеп 1:1. Матчтың 50 минутында қазақстандық шабуылшы Максим Самородовтың соққысы қарсылар қақпасына дәл тиді. Алайда арада бірнеше минут өткен соң Армения құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Эдуард Сперцян таразы басын теңестірді. Енді Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 9 маусым күні өткізеді. Талғат Байсуфинов шәкірттері Венгрия құрамасымен бақ сынасады.
Мақсат Абраев, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы:
- Ұлттық құрамада бүгін дебют жасадым. Тренерлік штабқа рақмет айтамын. Бала кезгі арманым еді, осындай мүмкіндік сыйлағанына алғысым шексіз. Ұтуға сәл уақыт жетпеді. Келесі ойындарға жақсы дайындалып, ұтуға тырысамыз.