Азиада-2026: Қазақстан нысана көздеуден үздік ондыққа енді
Қазақстан ерлер құрамасы нысана көздеуден үздік ондыққа енді.
Отандастарымыз Азия ойындарында 10 метрден пневматикалық мылтықпен ату сайысында 7-орынға табан тіреді. Бұл бәсекеде ел намысын Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновский қорғады. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша спортшыларымыз командалық есепте 1871.4 ұпай еншіледі.