Қазақстан қыздар құрамасы семсерлесуден Азиаданың қола медалін иеленді

olympic.kz/ Арлан Олжабай

Японияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық семсерлесуші қыздар командасы қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды «24KZ».

Командалық турнирдің жартылай финалында Қазақстан құрамасы Қытай спортшыларымен кездесіп, тартысты бәсекеде қарсыластарына 45:21 есебімен жол берді. Осылайша, жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыз Азия ойындарының қола медалін иеленді.

Бұл сайыста ел намысын Ирина Бакалдина, Владислава Андреева, Дарья Самоделкина және София Николайчук қорғады.

Сондай-ақ оқыңыз: