Төрехан Сабырхан Азия ойындарында қарсыласын нокаутқа түсіріп, жартылай финалға өтті

olympic.kz

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды «24KZ»

Спортшы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Ширек финалда оған Ирак өкілі Али Касим Хамдан Аль-Саррай қарсы шықты.

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Сабырхан бірінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді. Төреші айқасты 1 минут 58 секундта тоқтатты.

Қазақстандық боксшы Азия ойындарының жартылай финалына шығып, өзіне кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті. Келесі кезеңде ол шаршы алаңда өзбекстандық Шавкатжон Болтаевпен кездеседі.

Төрехан Сабырхан 20 жаста. Ол өткен жылы қазақстандық әуесқой бокс тарихындағы ең жас ересектер арасындағы әлем чемпионы атанған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз: