425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Зарина Дияс Australian Open турнирін жеңіспен бастады

  • 367
  • UPD: 10:48, 08.02.2021
Зарина Дияс Australian Open турнирін жеңіспен бастады

Австралияның Мельбурн қаласында «Үлкен Дулыға» турнирінің алғашқы ірі додасы – Australian Open-2021 бәсекесі басталды.

Аталған сынға қатысып жатқан қазақстандықтар арасынан Зарина Дияс алғаш болып бірінші айналымнан өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық теннисші беташар матчта словениялық Тамара Зиданшекті екі сет қорытындысы бойынша ұтты. Есеп – 6:1, 7:5. Кездесу 1 сағат 22 минутқа созылған.

WTA рейтингінде Зарина 81, Зиданшек 132-орында тұрғанын айта кету керек.

Өкінішке қарай, бала күтіміне байланысты үзілістен соң үлкен спортқа қайта оралған Ярсолава Шведова жекелей сынды аяқтады. Ол алғашқы айналымда италиялық Камила Джорджиден 3:6 3:6 есебімен ұтылған.

Хабар 24 телеарнасы