«Астана» американдық ойыншымен қоштасты

«Астана» баскетбол клубы мен американдық шабуылшы Девин Марбл келісімшартты мерзімінен бұрын бұзды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылған.

Айта кетейік, Девин командаға маусымның басында қосылған. Елордалық команда сапында өткен бес ай ішінде ол 20 матчқа қатысты. Оның 11-і – ВТБ Біріккен лигасы, 9-ы Ұлттық лига аясында өтті.

Сондай-ақ...