Индер ауданындағы сауда орындарында екпе салу бекеті ашылды

Атырау облысында ауылдарда да вакциналау жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Индер ауданында жұрттың аудандық ауруханаға барып вакцина алуға құлықсыз екені ескеріліп, сауда орындарында екпе салу бекеті ашылған. Бұл сырттағы елден бөлек осында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге де ыңғайлы. Әрі шалғайдағы ауылдардан келгендер де уақытын жоғалтпайды. Нәтиже де жаман емес. Екпе салдырушылар қатары күн сайын 8-12 адамға артқан.

Анар Досбаева, Индер аудандық ауруханасының директоры:

- Кешеден бері қара осы жерде екпе жұмысы мына шағын және орта бизнеспен айналысатындар, сонымен қатар барлық сауда орталығына келетін тұрғындарға осы жерде екпе жүргізіп жатырмыз. Мына ерікті вакцина аламын дегендерге 300 доза бөлінген. Ауданға жалпы 420 доза келді. Бүгін вакцианциялау жұмысы жалғасуда. Дәрігерлер қарап, вакцина аламын деген ерікті тұрғынға көрсеткіші бойынша екпесі жүргізіліп, осы жерде бақыланып, жалпылай екпе жұқмысын жүргізіп жатырмыз.