Паралимпиада: Триатлоннан алғашқы жарыс күні нәтижесі

Бүгін Токиода XVI Паралимпиада жазғы ойындарының аясында триатлоннан бірінші сайыс күні аяқталды.

Сайыс жолына Австралия, Бразилия, Ұлыбритания, Испания, Италия, Канада, ҚХР, Ресей, АҚШ, Украина, Франция, Хорватия және Япониядан келген қырық спортшы шықты. 

Сайыскерлер Олимпиада чемпиондарын спринтерлік қашықтықта анықтады. Сайыс Одайба суларында 750 метр жүзуден басталып, Ариаке теннис саябағына бағытталған төрт шеңбер (20,2 км) велододасымен жалғасты. Ақырғы жүгіру кезеңі төрт 1.25 метрлік шеңберден құралып, Одайба жағалауындағы трибуналардың алдында мәреге жетіп аяқталды. 

PTS4 санатындағы спортшылар арасында алтын жүлдені үш дүркін әлем және Еуропа чемпионы Алексис Ханкьюкант (Франция) 59 минут 58 секунд нәтижесімен жеңіп алды. Екінші орынды жапондық Хидэки Уда (1:03:45) алса, үшінші орын испандық Алехандро Санчес Паломероның (1:04:24) еншісінде кетті.

prosports.kz