Астанада триатлоннан Ironman Kazakhstan жарысы басталды

Астанада триатлоннан дәстүрлі Ironman Kazakhstan жарысы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елордадағы үшсайысқа әлемнің 60 елінен мыңға тарта темір адам қатысып жатыр. Атлеттер толық және жартылай марафонда сынға түседі. Спортшылар әдеттегідей Есіл өзенінде 3 шақырым қашықтықты жүзіп өтеді. Сосын велосипедпен 180 шақырымдық жарысты жалғастырады. Кейін 42 шақырым жолды жүгіріп мәреге жетеді. Ал әуесқойлар арасындағы сайыс ұзақтығы екі есе қысқарған. Жүзу 1,9 шақырымды құраса, веложарыс 90, жүгіру 21 шақырымнан аспайды.

Биыл Астана триталоннан Ironman сайысын 4-ші мәрте қабылдап отыр.