«Тобыл» футбол клубы 11 жылдан кейін Қазақстан чемпионы атанды

«Тобыл» футбол клубы 11 жылдан кейін Қазақстан чемпионы атанды

«Тобыл» футбол клубы араға 11 жыл салып, өз тарихында екінші мәрте ел чемпионы атанды.

Қазақстан Премьер-Лигасының соңғы 26-турында қостанайлықтар Оралдың «Ақжайығына» қонаққа барып, 2:0 есебімен басым түсті. Сырт алаңдағы ойыннан кейін 61 ұпай жинаған Александр Москаленко шәкірттері турнир кестесінде басты бәсекелесі саналған «Астана» командасынан 4 ұпайға озды. Елорда клубы түркістандық «Тұранды» қабылдап, тең ойын көрсетті. Есеп 1:1. Мерзімінен бұрын қола жүлдегер атанған Алматының «Қайраты» үздік үштікті 51 ұпаймен түйіндеді. Төртінші орын үшін таласта «Қызылжар» «Ордабасыдан» басым түсті. Есеп 3-2.