Жансель Дениз Франциядағы халықаралық сында қола жүлде жеңіп алды

Франция астанасы Парижде таеквондодан «French ECOpen 2021» халықаралық турнирі аяқталды. Аталған сынға қазақстандық спортшылар да қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24» Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыс қорытындысы бойынша, қазақстандық Жансель Дениз қола медал жеңіп алды. 

73 келіде сынға түскен Жансель жартылай финалда германиялық қарсыласынан 16:23 есебімен ұтылып қалды. 

Айта кетелік, G-1 санатындағы турнирге жалпы есебі 450 спортшы қатысты.