Ақтөбеде тоғызқұмалақтан Азия чемпионаты өтіп жатыр

Ақтөбеде тоғызқұмалақтан Азия чемпионаты өтіп жатыр

Ұлттық спорттың халықаралық біріншілігіне 10 елдің спортшылары қатысуға ниет білдірген, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазақстан мен Қырғызстаннан бөлек Ауғанстан, Үндістан, Қытай мен Моңғолия, Түркия, Түркіменстан, Ресей және Өзбекстан спортшылары бар. Жасөспірімдер мен ересектер арасындағы сайыс тоғызқұмалақтың блиц, рапид және классикалық түрін қамтып отыр. Бесінші рет ұйымдастырылған біріншілікке 150-ге жуық спорт шеберлері қатысуда. Пандемияға байланысты бірқатар кездесу онлайн өтіп жатыр.

Асылхан Сәкейұлы, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті: /Моңғолия/

– Тоғызқұмалақ көп елдерде жақсы дамыды. Мысал ретінде, 5 рет әлем чемпионаты өтті. Қазақстанда үш рет өтті. Чехияда болды, Түркияда өтті. Азия біріншілігі де Моңғолияда өтті және Қырғызстанда болды. Бүгін, міне, Қазақстанда үшінді рет өтуде.