Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды жеңді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды жеңді

Жігіттер бабында. Футзалдан Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Жерлестеріміз бұл жолы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізді.

Нұр-Сұлтан қаласында болған матч  алаң иелерінің басымдығымен басталды. Бірақ, Рикардо Кака баптайтын жігіттер мүмкіндіктерін мүлт жіберіп, бірінші кезеңде есеп аша алмады. Ал екінші кезеңнің екінші минутында Арнольд Кнауб ұлттық құраманы алға шығарды. Артынша командаласы Джуниор Дуглас есеп айырмасын еселеді. Ал қонақтар матч соңына қарай гол соғып, тіпті, таразы басын теңестіруге ұмтылған. Осындай сәттірдің бірінде қақпашы Игита қортынды нәтижені 3:1-ге жеткізді. Қос құрама бүгін тағы бір кездесу өткізеді. Одан кейін ұлттық құрама Еуропа чемпионгатына аттанады. Байрақты бәсекені Нидерланды қабылдайды және ол қаңтардың 19-ында басталады. Ұлттық құрама Италия, Словения және Финляндиямен бір топқа түсті.

ЖҮЛДЕГЕ СӘЛ ЖЕТПЕЙ ҚАЛДЫ

Жүлдеге сәл жетпей қалды. Қазақстандық Артем Антротов әлем  чемпионатын төртінші орынмен аяқтады. Ауыр атлдеттердің аламаны дәл қазір Ташкентте өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күні 96-келіге дейінгілер арасындағы сындар өтті. Қазақстандық Артем Антротов жұлқа көтеруде 164, ал серпе көтеруде 221 келіні басынан асырды. Жалпы көрсеткіш 385 келі. Бұл қола жүлдегер атанған венесуелалық спортшының нәтижесінен 6 келіге кем. Күміс жүлде Катар, ал, алтын Колумбия елінің өкілдеріне бұйырды.

Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында әзірге 1 алтын бар. Оны алғашқы күндері жеңіл салмақтағы Арли Чонтей жеңіп алды. Енді жарыс алаңына тағы 2 жерлесіміз шығады. Әйелдер арасында Карина Құзғанбаева мен Айзада Мүптілдә бақтарын сынайды. Ташкент қаласындағы дода 17-ші желтоқсанға дейін жалғасады.

Артем Антропов, ұлттық құрама мүшесі:

– Бұндай деңгейдегі жарысқа алғаш қатысып тұрмын. Ересектер арасындағы әлем чемпионатында бәсекелестік жоғары. Сондықтан әлі де жұмыс жасап, нәтижемді жақсарта түсу керек. Алдағы жылдары өз еліме алтын жүлде әкелгім келеді.  Бүгінгі жарысқа тыңғылықты дайындап, қасымда қолдау танытып жүрген жеке бапкеріме алғыс айтамын.

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ЕЛОРДАДА ӨТЕДІ

Әлем мықтылары астанамызға ағылады. Нұр-Сұлтан қаласында желтоқсанның соңында қазақ күресінен дүниежүзілік додада өтеді. Оған 25 елден 130-дан аса палуан қатысады деп жоспарланып отыр. Олар 9 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтайды. Ел намысын қорғайтын спортшылар қазір елордаға жиналып, оқу-жаттығу жинын бастап кетті. Олардың арасында Айбек Нұғмаров, Мұхит Тұрсынов сияқты айтулы спортшыларымыз бар. Жаттығу жиынының өзі 9 күнге созылады. Оған 60-қа жуық жігіт қатысып жатыр. Ал әлем чемпионатына 9 палуанымыз өнер көрсетеді.

Айта кетейік, дүниежүзілік дода 2 жылда бір өтіп тұрады. Осының алдындағысын, яғни, 2019 жылғы бәсекені Ақтөбе қабылдаған еді.